Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 22 аймағы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 22 аймағы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуезов ауданында екі ошақ бар. Ол Жетісу-2 ықшамауданы, 70а мен Мамыр-4 ықшам ауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.
Алатау ауданында бес ошақ тіркелді. Атап айтқанда, Заря-Восток ықшам ауданы, Сары-ой көшесі, 234 үй; Ақкент ықшам ауданы, 7 үй Ақбұлақ ықшам ауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 үй мекен-жайы.
Алмалы ауданында үш ошақ бар. Олар – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16 және Жароков көшесі, 7.
Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар – Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал ықшам ауданы, 3 пен 5 үйлер.
Жетісу ауданында 4 ошақ тіркелді. Еңлікгүл көшесі, 34а; Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықшам ауданы, 45 үйде.
Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелді. Жұлдыз ықшам ауданы, 45; Жұлдыз -1 ықшам ауданы, 13 үй.
Бостандық ауданында 1 ошақ бар. Тұрғыт Озал көшесі, 242 үй.
Наурызбай ауданында 1 ошақ тіркелді. Береке көшесі 1/97 мекен-жайында орналасқан.
Қала билігі тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырады.
Еске салайық, 28 наурыздан бастап Алматыда қосымша шектеу шаралары енгізілді:
— Қалада азық-түлік пен дәріханалардан басқа барлық кәсіпорын, мекемелер, сондай-ақ, демалыс орындарының барлығы жұмысын тоқтатты. Сондықтан қала тұрғындарына ешқандай себепсіз сыртқа шығуға тыйым салынады.
— Қоғамдық орындарда да 3 адамнан артық жиналуға болмайды;
— 65 жастан асқан тұрғындарға көшеде жүруге шектеу қойылды.
Мұндағы мақсат – адамдардың өздері, жақындары мен туыстарының, айналасындағы жандардың қауіпті індетті жұқтыруды төмендету.
Қала әкімдігі медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерімен бірлесіп, қауіпті індеттің таралуына тосқауыл болып, вирустың ошақ аймағынан тарап кетпеуі үшін күшейтілген жұмыстар жүргізіп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!