Алматыда коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол жергілікті қала тұрғынымен байланыста болған 1963 жылы туған пациент.
"29 наурызда медициналық жедел жәрдем бригадасы оны "Екі жақты полисегментарлы пневмония" диагнозымен коронавирустық инфекцияға талдау алынған стационарға жеткізді. 1 сәуірде пациенттің жай-күйінің нашарлауына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жедел тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және жіті бауыр жетіспеушілігінің дамуымен жағдайы үдемелі нашарлады. Пациенттің анамнезінде, сондай-ақ, 2 сатылы қант диабеті болған.
"Бүгін 10 сәуірде сағат 18:00-де полиоргандық жетіспеушіліктің үдеуі аясында жүрек қызметі тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болды. Сағат 18:30-да биологиялық қайтыс болды", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Еске салайық, марқұммен байланыста болған адамдардың барлығы провизорлық стационарға карантинге орналастырылған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!