Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты

Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кеше, 20 сәуірде Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 524-ке жетіп, тағы екі адам қайтыс болды.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, қайтыс болған екі науқастың жағдайы аса ауыр болатын.

"Оның біреуі - 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды. Екіншісі - 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жағдайда болған", - делінген хабарламада.

Жалпы жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке ала отырып, 436 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр.

"Екі науқастың жағдайы - өте ауыр, алтауының жағдайы - ауыр, 138 адамда - ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған адамдардың жағдайы - қанағаттанарлық. 84 науқас коронавирустан сауығып, емдеуден шығарылды. Провизорлық госпитальдарда 294 адам, карантин оқшаулауында 520 адам, үй карантинінде 9764 адам жатыр", - дейді әкімдіктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети