Алматыда коронавирустан қайтыс болғандарға арналған полигонда 32 адам жерленген. Алайда қалада коронавирустан қайтыс болған 10 адам ғана тіркелген. Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров осы жағдайды түсінідіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін БАҚ-тарда Алматы түбінде коронавирустан қайтыс болған 32 адам жерленгені және тағы 12 орынның бар екені хабарланған болатын.
"Бүгінде қалада коронавирустан 10 адам қайтыс болды, қалғандарының барлығы - 22 адам , оларда басқа аурулармен қатар коронавирус инфекциясы да анықталды", - деді қала әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 8969-ға жетті, айыққандар саны - 4515, қайтыс болғандар саны - 35.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!