Алматыда коронавирустың бесінші толқыны аяқталуға жақын - санитария дәрігерлері

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирустың бесінші толқыны аяқталуға жақын - санитария дәрігерлері Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының бас санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы қаладағы бесінші толқын аяқталуға жақын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы қаладағы бесінші толқын аяқталуға жақын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алпысбайұлы брифингте қалада кейінгі тәулікте 68 жағдай тіркеліп, тәуліктік өсім 0,03-ке дейін төмендегенін айтты. Осы және басқа да деректерге сүйенген санитария дәрігер Алматыда COVID-19 індетінің бесінші толқыны аяқталуға жақын қалғанын атап өтті.

"Аурудың айтарлықтай жылдам төмендеуі ұжымдық иммунитеттің жоғарылауымен байланысты, ол 59 пайыздан астамды құрады (соңғы 6 айда вакцина алғандардың 54,6 пайызы және сауыққандардың 4,5 пайызы). Инфекция көздерінің азаюы үшін 6 айдан астам уақыт бұрын вакцина алған 254 885 адам қайта егілді", - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Бас санитария дәрігерінің айтуынша, биылғы жылдың басынан бері жеңіл немесе симптомсыз аурумен ауырып, медициналық көмекке жүгінбегендерді есепке алсақ, қаладағы ұжымдық иммунитет шамамен бес пайызға жоғары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети