19 тамыз 2018 13:06

Алматыда көршілердің шағымынан кейін 70 жастағы кейуананың үйі құлатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж © Tengrinews.kz Фотоколлаж © Tengrinews.kz

Алматыда 70 жастағы зейнеткер баспанасыз қалды, көршілері шағымданғаннан кейін оның үйі құлатылған. Зейнеткер Сара Байырқанованың үйі сот шешімімен осыдан бірнеше күн бұрын бұзылды - 7 тамызда, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне кейуананың туыстары.


Алматыда 70 жастағы зейнеткер баспанасыз қалды, көршілері шағымданғаннан кейін оның үйі құлатылған. Зейнеткер Сара Байырқанованың үйі сот шешімімен осыдан бірнеше күн бұрын бұзылды - 7 тамызда, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне кейуананың туыстары.

Үй құлатылғаннан кейін зейнеткер қызы екеуі үйінділердің арасында тұрған. Осыдан екі күн бұрын уақытша бөлме жалдап, көшіпті.

Кейуананың туысы Әлия Балебаеваның айтуынша, Сара Байырқанова 2012 жылы үйдің құрылысын бастап, 2014 жылы аяқтаған. Сол үшін Өскемендегі үш бөлмелі пәтерін, гараж бен көлігін сатқан. Құжаттары түгел болған, бірақ үй саларда көршілермен келіспеген. Олар бастапқыда өтетін жол үшін жер сұраған, зейнеткер қарсы болып, кейін келіскен. Бірақ көршілері сотқа беріп, құрылыс нормасының сақталмағаны үшін сот үйді құлату туралы шешім шығарған.

Қазір зейнеткердің жаңа үй салуға ақшасы жоқ. Бір ғана үміт - жерді сатып, қандай болса да баспана алу.

Туыстарының айтуынша, көршілермен соттасу 2013 жылы басталған. Бес жылда 8 инстанциядан өткен. Сот үйді бұзу туралы шешім қабылдады.

Үйлердің тым жақын орналасуы негізгі аргумент болған. Зейнеткердің үйі жердің линиясынан 1 метр 90 сантиметрде орналасқан. Алайда, оның туыстары көршілердің үйі одан да жақын орналасқан, деп отыр.

"Біздің үйді құлату үшін көршілер өз есебінен арнайы техника жалдады. Кейін есепті бізге берді - 2 миллион 700 мың теңге. 17 тамызда тағы бір сот болды, ол соманың негізсіз екеніне сілтеме жасап, көршілердің шағымы қабылданбады", - деді Әлия Балебаева. 

Туыстарының айтуынша, екі қабатты үйді тұрғызу үшін Сара Байырқанова өз атынан 5 несие, қызының атынан 5 несие және немересінің атынан 1 несие алған. Жалпы аумағы 140 шаршы метр болатын екі қабатты үйдің құрылысына 17 миллион теңге жұмсалған.

 
Кейуананың құлатылмай тұрғандағы үйі. © Instagram

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети