Алматыда жүргізуші кортеждің алдында келе жатқан полиция көлігін видеоға түсіріп алды. Көліктердің тізбек болып жүргені жайлы видео Instagram әлеуметтік желісіндегі zhest_kz парақшасында пайда болды.
Алматыда жүргізуші кортеждің алдында келе жатқан полиция көлігін видеоға түсіріп алды. Көліктердің тізбек болып жүргені жайлы видео Instagram әлеуметтік желісіндегі zhest_kz парақшасында пайда болды.
Видео авторлары полиция көлігінің кортежді алып жүргенін айтып, және бұл қызметтің ақысы қанша екенін сұрап отыр. Жазылған көптеген пікірлерде қолданушылар қызметтік көлік шын мәнінде кортежге жол бастап келе жатыр деп ұйғарым жасайды. Көліктердің сәнделгеніне қарап, мұның перзентханадан жаңа туған сәбиді алып шығып, тойлап келе жатқанын аңғаруға болады - "Қымбаттым, ұл сыйлағаныңа рақмет!" деп жазылған жол талғамайтын көліктердің бірінде.
Қолданушылар полиция көлігінің бұлай кортежге жол бастап келе жатқаны қызметінің заңды екенін де айтып отыр. Олардың мәліметінше, қалаған адам 520 мың теңге төлеп, осындай қызметті қолдана алады. Айта кетейік, тізілген көліктер "Алтын орда" базары маңынан Қаскелең жаққа бет алған.