Алматыда көшенің қақ ортасында дрифт жасаған Lexus жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселе, Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген Lexus көлігінің 31 жастағы жүргізушісі туралы болып отыр. Ол Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұсталды және жауапқа тартылды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар ПД соңғы кезде, әсіресе, жас жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиілеп кеткенін атап өтті. Өкінішке қарай, адам көп жүретін көшелер мен халық көп шоғырланған жерлерде қауіпті маневрлер мен дрифттар жиі тіркеліп жатыр. Мұндай әрекеттер тек заңсыз болып қана қоймай, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

"Алматы полицейлері барша жүргізушілерге, әсіресе жастарға үндейді: өмірмен әзілдемеңіздер – өзіңіздікімен де, басқалардікімен де. Жауапкершілікпен жүргізу – бұл заңды талап қана емес, бұл - қоғамдық қауіпсіздік мәселе. Әрбір жолға шығу – жауапкершілікті арттыратын аймақ. Жақындарыңызды, жаяу жүргіншілерді, басқа да жүргізушілер туралы ойлаңыз. Біз ескертеміз: мұндай деректің барлығына Заң шеңберінде қатаң түрде шара қолданамыз", – деді Алматы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети