"Бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен "Нұр Отан" партиясы Алмалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Алмалы ауданы оңалту мен мүгедектерді бейімдеу балалар орталығының, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына арналған фильмнің қайырымдылық көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Балалар қаладағы кинотеатрлардың бірінен ультразаманауи жаңа көркем фильмін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш кинофильм Марс планетасындағы эксперименталдық колониясында өскен Эллиот Гарднер мен қарапайым сұлу қыз арасындағы ғаламшараралық махаббаты туралы.
Шара - мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы мен көпбалалы отбасылардың балаларының мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, эстетикалық мәдениетін дамыту, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған.