Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева қалада COVID-19 жұқтырған науқастарға арналған қосымша төсек-орын ашылғанын айтты. Коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін жеке медициналық орталық пен педагогикалық колледж берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Сұлтанғазиева бүгінде қалада 7 045 төсек-орын барын, ал бірнеше күн бұрын олардың саны алты мың болған. Бүгінде инфекциялық стационарларда 4 852 адам жатыр. Жұқтыру дерегі өсуіне байланысты қосымша төсектер қойылды. Алда тағы үш мың төсек-орын қою мәселесі қарастырылып жатыр.
"Резервтегі төсек-орын оқу-клиникалық орталықтары сияқты жерлерде орналасады. Оның базасында қосымша 120 төсек орын бар. Сондай-ақ, Гончарная көшесінде фтизиопульмонология орталығы қосымша 100 төсек-орын орналастырды. Сонымен қатар, гуманитарлық-педагогикалық колледж ғимаратында 300 төсек-орын бар. Ертеңнен бастап ХАК медициналық орталығының базасында тағы 130 төсек орны ашылды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, уақытша емдеу үшін басқа ұйымдар іздестіріліп жатыр. Қалада 700 реанимациялық төсек орны бар, олардың 310-ы толған. Реанимациялық төсек-орынның 44 пайызы толған.
Еске салайық, бұған дейін жатақханалар мен қонақүйлер жұқпалы аурулар стационары ретінде жабдықталғаны туралы хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!