Видеодан үзінді
Алматы тұрғыны 2 наурызда жол қозғалысын алатаяқпен реттеп тұрған полицейді көргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғыны 2 наурызда жол қозғалысын алатаяқпен реттеп тұрған полицейді көргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жол полициясы алатаяқты қолданбайтын болған еді.
Куәгердің сөзінше, редакцияға жолдаған видеосын Сүйінбай даңғылы мен Бекмаханов көшесінің қиылысында түсірген. Видеоның бүгін түсірілгенін нақты анықтау мүмкін болмай тұр.
Алатаяқ ұстаған полицей туралы ақпаратты Алматы ІІД тексеруге алды.