Алматыда күдікті қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда күдікті қашып кетті Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Алматы полициясы конвой қызметі автокөлігінен қашып кеткен ер адамның суреті мен деректерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы конвой қызметі автокөлігінен қашып кеткен ер адамның суреті мен деректерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы полициясы 1996 жылы туған Аубакри К.Е. есімді азаматты іздестіріп жатыр. Ол өткен кеште конвой көлігінен қашып кеткен. Ізделіп жатқан адамның белгілері: бойы – 165-170 сантиметр, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгілері: мұрны қисайған", – делінген хабарламада.

Алматы ПД баспасөз қызметі ұсынған

Қашқынның қайда екенін білетіндерден келесі телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады: 8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102.

Еске салсақ, Алматыда сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат 4 желтоқсанда белгілі болды. Сол кезде полиция бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған сотталушыны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар, қызметтік тексеріс басталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети