Алматыда Құлжа тасжолындағы бұрылыстардың бірі 2 аптаға жабылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Құлжа тасжолындағы бұрылыстардың бірі 2 аптаға жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Құлжа тасжолындағы бұрылыстардың бірінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құлжа тасжолындағы бұрылыстардың бірінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысындағы жолайрық құрылысы" жобасы аясында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 25 қазан сағ 23-00-ден 7 қараша сағ 18-00-ге дейін Құлжа тасжолындағы №8 бұрылыста көлік қозғалысы толығымен шектеледі", - делінген хабарламада.

Жабық жол бөлігін Алатау трассасы бойынша Гүлдала ауылына шығып, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолы қиылысындағы жолайрықтан бұрылып Гүлдала ауылына қарай шығатын эстакада арқылы айналып өтуге болады.

"Келітірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети