Алматыда Құлжа тасжолындағы жолайрықтың эстакадасы ашылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Құлжа тасжолындағы жолайрықтың эстакадасы ашылды Фото: акимат Алматы

Алматыда Құлжа тасжолындағы жолайрықтың эстакадасы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Құлжа тасжолындағы жолайрықтың эстакадасы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы 21 қараша Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысында салынып жатқан көлік жолайрығындағы эстакада іске қосылғаны хабарланды.

"Құлжа тасжолы бойымен жүретін көліктерге екі бағытта да жол ашылды. Сонымен қатар енді шығыс бағытта бұрылыс алаңқайына бармастан Бұқтырма көшесінен Құлжа тасжолына бірден бұрылуға болады", - делінген хабарламада.

Құрылыс аяқталған соң көлік жолайрығы салынып жатқан аймақтағы жол жүрісін жеңілдетіп, көлік жүктемесін азайтады деп күтіліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети