Алматылықтар қаланы басып кеткен құмды дауылға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылықтар қаланы басып кеткен құмды дауылға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
27 қыркүйекте таңертең Алматыда жел тұрды. Нәтижесінде қаланы құмды дауыл басып кетті. Кейінірек әлеуметтік желі қолданушылар ауа райы құбылысының салдарын жариялай бастады.
Бұл ретте кейбір қала тұрғындары демалу қиындағынын айтып шағымданды, ал енді бірі таулардың көрінісі көрінбей қалғанын жазды.
Алматы-Қапшағай тасжолында түсірілген кадрлар да әлеуметтік желілерде жарияланған. Видео авторының айтуынша, кейбір жерлерде жол көрінбейді. Сондықтан жүргізушілерге жолда абай болу ескертілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Синоптиктер бұған дейін, 26 қыркүйекте Алматы облысында ауа рай қолайсыздығана байланысты дауылды ескерту жариялаған. Оның салдары Алматыда да байқалды.
"27 қыркүйекте сағат 5.00-ден 21.00-ге дейін дауыл туралы ескерту жарияланды. Сонымен, 27 қыркүйекте таңертең және түстен кейін Алматы облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында солтүстік-шығыс желі соғады деп күтіледі. Оның екпіні секундына 17-22 метрге жетуі мүмкін екенін хабарладық", - деді "Қазгидромет" синоптиктері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!