21 қазан 2020 18:18

Алматыда күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

21 қазан Алматыда осы айдың соңғы жылы күні болды: жақында мегаполисте күн суытады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидрометтің" қалалық филиалының кезекші синоптигі Гүлтансық Медеуова айтты.


21 қазан Алматыда осы айдың соңғы жылы күні болды: жақында мегаполисте күн суытады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидрометтің" қалалық филиалының кезекші синоптигі Гүлтансық Медеуова айтты.

Синоптик бүгін Алматыда термометр плюс 24,2 градусқа дейін көтерілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл рекорд емес: 1908 жылы 21 қазанда плюс 28,6 градус болған.

Бірақ мегаполисте жылы ауа райы ұзаққа созылмайды, дейді Гүлтансық Медеуова.

"Алматыда қазан жылы, өйткені қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік-шығысы жоғары қысымды антициклонның оңтүстік перифериясының әсерінде тұр, қазіргі уақытта қала ең жылы секторда.

Бүгін ең жылы күн болды, мұндай ауа райы ертеңгі түске дейін жалғасады. Артынша суық фронт өтеді деп күтіліп отыр, ал жұма-сенбіге таман ауа райы нашарлайды, қар араласқан жаңбыр жауып, температура төмендейді", - деді маман.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети