Алматыда құны 7 миллиард теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда құны 7 миллиард теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Құны 7 миллиард теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құны 7 миллиард теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскесін анықтаған.

"2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.

Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады", - делінген хабарламада.

Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі күшіне енбеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети