Алматыда курьер қағып кеткен баланың жағдайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда курьер қағып кеткен баланың жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер Алматыда мопед жүргізушісі қағып кеткен баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматыда мопед жүргізушісі қағып кеткен баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаарбада үш айлық сәби жатқан. 

"Бала бастың жұмсақ тіндерінің көгеруі белгілерімен ауруханаға түсті. Балалар нейрохирургі қарағаннан кейін үйіне амбулаториялық бақылауға жіберілді. Баланың жағдайы қалыпты", - деді дәрігерлер.

Еске салайық, 16 наурызда мопед жүргізушісі Төле би даңғылында үш айлық бала жатқан арбаны қағып, қашып кеткені хабарланған болатын. Нәтижесінде сәби зардап шегіп, балалар ауруханасына жеткізілді.

Артынша балаарбаны қағып кеткен курьер оқиға орнынан неге кеткенін түсіндірген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети