Алматыда курьерлер аза тұту шеруін өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда курьерлер аза тұту шеруін өткізді Видео кадры

Алматы көшелерінде карьерлер шеру өткізді. Видео Instagram парақшаларында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көшелерінде карьерлер шеру өткізді. Видео Instagram парақшаларында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған видеолардан тамақ жеткізу компаниялары қызметкерлерінің киімін байқауға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

"Бүгін Алматыда барлық жеткізу қызметінің курьерлері "Яндекс.Еда" сервисінде жұмыс істеп, наурыздың соңында апаттан кейін ауруханада қайтыс болған әріптесін еске алу үшін мопедтермен аза тұту шеруін өткізді", - делінген сипаттамада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Желі қолданушылары видеоға қатысты пікір білдірген:

"Жарайсыңдар. Иманды болсын. Тек қатты жүрмеңдер - бәріңді отбасың күтіп отыр",

"Жатқан жері жайлы болсын", 

"Қаза болған "Яндекс.Еда" курьерін аза тұту шеруі"

"Ереже бойынша көлік жүргізіп, мұқият болыңыздар. 5-10 минутқа кешігіп келсеңдер, клиент аштан өлмейді. Иманды болсын".

Еске сала кетейік, 28 наурызда Алматыда мопед мінген курьер қызыл түстен өтіп, Toyota-мен соқтығысқан болатын. Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Апат салдарынан мопедтің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алған. 1 сәуірде жолаушы ауруханада қайтыс болғаны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети