Алматыда қыркүйектің ортасына қарай Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс қайта ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Алматыда қыркүйектің ортасына қарай Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс қайта ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі Құрманғазы көшесіндегі шектеулер қыркүйектің ортасына дейін ұзартылды.
"Мердігер ұйым темірбетон бұйымдары мен құбыр өнімдерін шығаратын зауыттардың жоғары жүктемесіне байланысты құрылыс материалдарын жеткізуге және құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімін ұзартуға әсер еткендіктен, жөндеу жұмыстарын ұзартуға мәжбүр болды. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды", - делінген хабарламада.
Мердігер ұйым учаскені абаттандыруға кіріскен, бұл жұмыстарды ауа райының жағдайларын ескере отырып, қыркүйектің ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!