07 қазан 2022 08:50

Алматыда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқаны басталды. Қарулы Күштер қатарын 45 бозбала толықтырады. Олар Қонаев қаласындағы әуе шабуылдау бригадасының құрамында Отан алдындағы борышын өтейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметінше, биыл Алматыдан 3 мыңға тарта жігітті әскерге шақыру жоспарланған. Жартысына жуығы көктемде әскерге аттанып кеткен. Ал осы жолы тағы мың жарым азамат шақыру қағазын алады.

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында өткен салтанатты жиында бұрын әскерге алынған сарбаздар, жауынгерлік ұрыс тәсілдерін көрсетті.

"Қазір біз 250-дей адаммен шекара әскерін жаптық. Қазір біз Қарулы Күштеріне жіберіп жатырмыз. Осыдан кейін Ұлттық Ұланға жібереміз. Сонымен біз желтоқсанның аяғына таман күзгі әскери науқанды толығымен жабамыз.

Бізде шақыртуға байланысты ешқандай проблема жоқ. Өз бетімен кетіп бара жатқандар қаншама, қанша адам шығарып салуға келген. Жастарымыздың патриоттық рухын көтеріп, Қарулы Күштердің имиджін көтеру үшін осындай шараларды өткіземіз", - дейді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Фархат Құрманғажинов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети