Алматыда жалған фирмалар арқылы 3,9 миллиард теңге шешкен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық экономикалық тергеулер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр 22 тамыз - 31 желтоқсан аралығында 41 сотқа дейінгі өндіріс жүргізілді, оның ішінде бес ұйымдасқан қылмыстық топ құру дерегі анықталған. Олар банк есепшоттарынан сондай ақша шығару фирмалары арқылы ақшалай қаражатты алып отырған.
"Алты күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы шығарылған. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында олардың мүлкі тәркіленеді. Мысалы, азамат Т. басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ 2017-2019 жылдары аралығында өзі басқаратын жеті компания арқылы банк есепшоттарынан 3,9 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған", - делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Қала прокуратурасының үйлестіру жұмыстары нәтижесінде жалған есепшот-фактураларды жазып беру арқылы жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша тиімді тәжірибе енгізілді.
Нәтижесінде соттарға 123 миллиард теңгеден аса сомаға күмәнді компаниялар арқылы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 820 талап арыз түсті, оның ішінде 32,5 миллиард теңгеге 179 қанағаттандырылды.