Қамауға алынған қызғызстандық нөмірі бар көліктердің иелері Алматыдағы айыптұрағының бірінің алдында кезекті рет шу шығарды. Ол жерге шамамен елуге жуық адам жиналды, деп хабарлайды "Жетінші" телеарна".
Қамауға алынған қызғызстандық нөмірі бар көліктердің иелері Алматыдағы айыптұрағының бірінің алдында кезекті рет шу шығарды. Ол жерге шамамен елуге жуық адам жиналды, деп хабарлайды "Жетінші" телеарна".
Айыптұрағына қойылған бұл көліктердің барлығы осыдан бірнеше ай бұрын арнайы рейд кезінде тәркіленген болатын. Ал кеденшілер болса сырттан келген көлік иелерінен тиісті салықтарды төлеп, көлікті ресми түрде рәсімдеуін сұрап отыр.
"Негізгі құны 5 мың евро тұратын көлікке бүгінгі бағамен есептесек біз орта есеппен 12-15 мың евро аралығында төлеуіміз керек болады. Ал мұндай соманы төлеу мүмкін емес. Сол себепті біз тиісті органдардан көліктерімізді қайтарып беруін талап етіп отырмыз. Өткендері біз уақытша тіркеуге тұрғызуды өтінгенбіз. Ол уақытта біз қажетті салықты да, айыппұлдарды да төлейік дегенбіз", - дейді айыптұрақта тұрған көліктің иесі Валентина Лотикова.
"Менің көлігім айыптұрағында наурыздың 2-сінен бері тұр. Көлігімнің қай айыппұлда және не үшін тұрғанын мен әлі күнге дейін біле алар емеспін. Күн сайын 500 теңге және төлеймін. Менде ондай ақша жоқ", - деді тағы бір автокөлік иесі Байрам Эминов.
Заң талаптарына бағынғысы келмеген көлік иелерінің бұл алғашқы қарсылық акциясы емес. Естеріңізде болса, ондай көліктің иелері өткен сәуір айында Алматы қалалық Кедендік бақылау департаментінің алдына жиналып, өз наразылықтарын білдірген болатын.