Алматыда қызды аңдыған ер адам іздестіріліп жатыр: видео

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қызды аңдыған ер адам іздестіріліп жатыр: видео видео кадры

Алматы тұрғыны өзін белгісіз ер адам аңдып, кейін шабуыл жасауға тырысқанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны өзін белгісіз ер адам аңдып, кейін шабуыл жасауға тырысқанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода қыздың Түрксіб ауданындағы көшеде кетіп бара жатқаны көрінеді. Оның артынан ер адам біршама уақыт еріп жүріп, жан-жағына жалтақтағаны байқалады. Қыз қақпаға жақындаған сәтте ер адам артынан жүгіріп келіп, қызды қысып ұстап, артынша қашып кеткен.

"Ол менің артымнан еріп, интимді жеріме қолын тигізіп есікке тақады. Егер оны танып жатсаңыздар, хабарлауды сұраймын, бұл видеоны өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғау үшін таратыңыздаршы. Бұл арсыз мені аңдыды. Мен сені табамын, оңайлықпен қоймаймын", – деп жәбірленуші жұртқа жанайқайын жеткізді.

Полиция пікірі

Алматы Полиция департаменті аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Фигурант, сондай-ақ объективті мән-жайлар анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", – деп қысқаша түсіндірді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети