21 сәуір 2022 10:46

Алматыда қызды "ұрлап кеткендердің" видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгісіз біреулердің көшеде қызды "ұрлап кеткен" сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда белгісіз біреулердің көшеде қызды "ұрлап кеткен" сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоға қарағанда, оқиға Алатау ауданында "Алматы Арена" кешені маңында болған.

Кадрларда қыз жол шетінде такси ұстап тұрғаны көрінеді. Кейін ақ түсті көліктен екі жігіт жүгіріп шығып, оны ұстап, күштеп көлікке отырғызып, алып кетеді. Бұл ретте көліктің мемлекеттік нөмірі болмаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Видеоны Алматы полициясы зерттеп жатыр.

"Алатау ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі мәліметінше, "102" пультіне және олардың бөлімшелеріне бұл оқиғаға қатысты ешқандай дабыл, өтініш және арыз түскен жоқ. Қазіргі уақытта жедел бөлімше мән-жайды анықтау бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Тәжірибеге сүйенсек, бұл пранк немесе шығармашылық түсірілім болуы да мүмкін. Бұл қарастыратын нұсқалардың бірі, анық емес. Қалай болғанда да, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети