30 тамыз 2021 | 14:39

Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары қызмет бабында қаза тапқан әріптестеріне Әуезов аудандық ПД-да орнатылған ескерткішті арнады. Ашылу салтанатына Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер, полиция қызметкерлері, сондай-ақ, Халық қахарманы Ғазиз Байтасовтың жары қатысты.

"Тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты, олардың 32-сі қылмыспен бітіспес күресте. Бесеуі Әуезов аудандық Полиция басқармасында қызмет етті. Олардың адалдығы мен ерлігі тарихта қалады, барлық уақытта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде үлгілі қызмет көрсетудің үлгісі болады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Батырлардың есімі біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар ПД басшысы дәстүрлі мереке қарсаңында ерлікпен қаза тапқан тағы бір отбасына және полиция қызметкері Мақсат Дабыловқа барды, ол 2011 жылдың қарашасында қылмыскерлер-деструктивті діни ағым ұстанушыларының заңсыз әрекеттерін тоқтату кезінде қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети