Аламтыда "қызыл" мәртебесі бар алты тұрғынға карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аламтыда "қызыл" мәртебесі бар алты тұрғынға карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өткен аптада ХҚКО-да, мейрамханада, фитнес-орталықта және әуежайда "қызыл" мәртебесі бар тұрғындар анықталды.
Ashyq жобасы арқылы ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, нысанға кіруге тырысқан алматылықтар анықталды. Мекеме қызметкерлері 14 күндік үй карантинін бұзған тұрғындарға нысынға кіруге тыйым салған", - деді Сәдуақас Байғабылов.
Оның айтуынша, олар үй карантинін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (30 АЕК 83340) бойынша айыппұл төлеген.
"Тұрғындар Алматы қаласының Алатау, Алмалы, Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандарынан екені белгілі болды.
14 күндік үй карантинін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасады", - деп толықтырды Байғабылов.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен тұрғындарды оқшаулау режимін сақтауға шақырды.
Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирустың үнді штамына байланысты шектеу енгізілетінін мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!