ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2021 | 17:11
Алматыда "қызыл" статусы бар 200-ге жуық ережебұзушыға айыппұл салынған
14 күндік үй карантинін бұзған тағы 196 Алматы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
14 күндік үй карантинін бұзған тағы 196 Алматы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінше, олар 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл төлеген, ал үшеуі екі рет төлеген.
Тұрғындарды QR-кодты сканерлеу нәтижесі бойынша "қызыл" сатус анықталғанына (ПТР-сынамасы оң) байланысты кәсіпкерлік нысанға жібермеді. Карантинді бұзғандардың аты-жөні ведомство сайтында жарияланған.
Айта кетейік, алғаш рет "қызыл" статусы бар Алматы қаласының 80 тұрғынының тізімі 23 шілдеде жарияланған болатын. Кейінірек Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой заңбұзушылардың аты-жөнін БАҚ-та жариялау туралы шешім қабылданбас бұрын үкіметаралық комиссия, оның ішінде заңды тұлғалардан да кеңес алынғанын түсіндірді.
Өткен аптада "қызыл" мәртебесі бар карантинді бұзғандар саны 86 адам болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также