23 шілде 2021 17:35

"Қызыл" тізімдегі есімі жарияланғандардың құқығы бұзылды ма? Заңгер жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Карантинді бұзғаны үшін "қызыл" тізімдегі есімі жарияланған қазақстандықтар құқығы бұзылды ма? Бұл сұраққа заңгерлер Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әрекетін бағалай отырып жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Карантинді бұзғаны үшін "қызыл" тізімдегі есімі жарияланған қазақстандықтар құқығы бұзылды ма? Бұл сұраққа заңгерлер Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әрекетін бағалай отырып жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір қарағанда, "қызыл" тізімдегі адамдардың құқығы бұзылуы мүмкін сияқты. Мысалы, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 273-бабы бойынша дәрігерлерге дәрігерлік құпияны бұзуға болмайды. Сондай-ақ, Қазақстан Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, бұдан басқа әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына құқығы бар делінген. Алайда адвокат Сергей Уткин Кодексте ерекше жағдайлар бар екенін де айтты.

"273-баптың 4-тармағында аурудың таралу қаупі төнген кезде медицина қызметкерінің құпиясын таратуға жол беріледі делінген. Онда дәрігер құпияны кімге тарата алатыны туралы жазылмаған. Бірақ кімге екені жазылмаса, ол кез келген адамға дегенді білдіреді. Сондықтан дәрігер әлеуметтік желілерде науқас коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты жариялай алады. Мұндай дәрігер жауапкершілікке тартылмайды. Яғни, олар кез келген адамға, соның ішінде қоғамға да ақпарат таратуы мүмкін. Егер сот қараса, адамның қадір-қасиетін қорлайды ма, жоқ па анқытайды. Әрине, мемлекеттік орган індеттің алдын алу мақсатында жасалғанын дәлелдеуге тырысады және сот оны ескеруі мүмкін", - дейді заңгер.

"Юстус" заң консультанттары палатасының төрағасы Жанетта Камелева "қызыл" тізімді жариялау кезінде заңдар бұзылмайды деп санайды. Оның айтуынша, бұл тармақ ел Конституциясында да айтылған.

"Медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді адамның келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда: айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қаупі төнген кезде жол беріледі. Бұл жағдайда COVID-19 халық үшін қауіпті. Ауру бүкіл әлемді қамтығанын және вирус жұқпалы екенін ескере отырып, ережебұзушылардың есімін жариялаумен байланысты мұндай шаралар өте заңды. Конституцияның 39-бабы 1-тармағында "Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін" деп белгіленген", - деді ол.

Еске салайық, COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК Ashyq-та "қызыл" мәртебеге ие карантинді бұзушылар есімі БАҚ-та жарияланатынын хабарлаған болатын. Кейін мұндай "қызыл" тізім Алматыда жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети