24 шілде 2021 10:59

Нұр-Сұлтанда статусы "қызыл" бола тұра оқшаулау тәртібін бұзғандар тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігі статусы "қызыл" тәртіп бұзушылардың есімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтан әкімдігі статусы "қызыл" тәртіп бұзушылардың есімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Елордада 18 тұрғынға үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама жасалды, тиісінше 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл салынды. COVID-19 бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер қоғамдық орындарға барып, Ashyq жүйесі арқылы жұмыс істейтін нысандар қызметін пайдалануға тырысқан.

Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдардың оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Себебі, эпидемиологиялық ауыр күндерде тәртіпті сақтау - әрбір адамның азаматтық міндеті. Бұл тек өзі үшін емес, өз балаларының, отандастарының және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін де жауапкершілік.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер тиісті шарттарды сақтауы тиіс. Бұл қала тұрғындарын коронавирус инфекциясын жұқтырудан қорғайды.

Нұр-Сұлтанда "қызыл" статусы бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімін мына сілтемеден көруге болады.

"Қызыл" тізімдегі есімі жарияланғандардың құқығы бұзылды ма? Заңгер жауабы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети