Алматыда лай көшкіні жүруі мүмкін

Алматы қаласында лай көшкіні жүру қаупі бар, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.

Алматы қаласында лай көшкіні жүру қаупі бар, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.

"Өткен тәулікте жаңбыр жаууына байланысты және "Қазгидромет" РМК дабылды ескерту негізінде 19-22 мамыр аралағында Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті қала тұрғындарына сақ болуға керегін ескертті.

"Осыған байланысты қаланың таулы бөлігінде тұратын тұрғындар сумен жабдықтау желілері мен септикалық резервуарларды пайдалану кезінде сақ болу қажет. Сумен жабдықтау желілері бұзылған жағдайда қондырғыны сөндіріңіз. Лай көшкіні жүруі мүмкін аумақта қазба және басқа жұмыстарды жүргізбеуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін "Қазгидромет" өкілдері Нұр-Сұлтанда және 6 облыста ауа райы бұзылатынын хабарлаған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная