1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда және 6 облыста ауа райы бұзылады

Фото: 1tulatv.ru Фото: 1tulatv.ru

20 мамырда Қазақстанның 6 облысында және елордада ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда найзағай ойнауы мүмкін. 

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай соғып, бұршақ жауады. Түнде өңірдің кей жерінде оңтүстік-шығыс және оңтүстіктен жел соғып, күндіз оның жылдамдығы 15-20 метр секундқа дейін жетеді. Көкшетауда күндіз найзағай соғып, оңтүстік-батыс және оңтүстіктен 15-18 метр секунд жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метр секундқа дейін күшейеді. Түркістанда батыстан 15-20 метр секунд жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай соғады. Оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің күші 15-20 метр секундқа жетеді. Қызылордада күндіз найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 метр секундқа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде оның жылдамдығы 18 метр секундқа жетуі мүмкін.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай соғып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Батыс және оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 метр секундқа жетеді. Қостанайда күндіз батыс және оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 18 метр секундқа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыс және батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Оралда күндіз солтүстік-батыс және батыстан соққан желдің жылдамдығы 18 метр секундқа дейін күшейеді.