Алматыда локдаун қашан енгізіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда локдаун қашан енгізіледі? Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қандай жағдайда локдаун енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қандай жағдайда локдаун енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін біздің кездесуіміз (локдаунға - автор.) жол бермеу үшін жасалды. Бүгін біз төсек-орындардың санына қараймыз, қазір олардың 50 пайыздан азы бос емес, көріп отырғандарыңыздай, төсектер жеткілікті. Бізде әлі де 4000-ға жуық төсек-орын қоры бар, оларды қажет жағдайда тарта аламыз. Біздің міндетіміз - барлық деңгейде медициналық көмек көрсете алуымыз үшін денсаулық сақтау жүйесінің күйреуін болдырмау.

Тәулігіне 500-ден аса пациент ауруханаға жатса, толық локдаун мәселесі қаралады", - деді Бекшин.

Бекшин Алматыда карантин не себепті күшейгенін айтты

Бекшин алматылықтарға үндеу жасады: енді не өзгереді?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети