Алматыда ІІМ академиясының курсанты 17 жастағы қызды соққыға жықты деп айыпталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ІІМ академиясының курсанты 17 жастағы қызды соққыға жықты деп айыпталды Фото:depositphotos.com

Алматыдағы ІІМ академиясының курсанты бұрынғы қызын ұрып-соқты деп айыпталды. Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбада автор оқиғаның егжей-тегжейін айтып берген. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ІІМ академиясының курсанты бұрынғы қызын ұрып-соқты деп айыпталды. Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбада автор оқиғаның егжей-тегжейін айтып берген. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Instagram-да курсанттың кәмелетке толмаған алматылық қызға шабуыл жасағаны туралы хабарлама пайда болды. Жазбаны жәбірленушінің әпкесі жариялаған. Оның айтуынша, оқиға 29 қарашада болған. Ол сіңілісі 17 жаста екенін айтты.

"Кәмелетке толмаған сіңілімді оның бұрынғы жігіті ұрып-соққан. Ол 17:00-де кездесуге шақырған, сіңілім көлігіне отырған, ол телефонын сұраған, бірақ сіңілім өз заттарын ешкімге бермейді. Сол кезде агрессия басталады. Қылқындырып, шашынан тартып, жерге құлатып, қабырғасынан тепкен, басынан ұрған. Ол қашып кетуге тырысқанымен қуып жетіп, көлікке отырғызуға мәжбүрлеп, жібермей қойған", – делінген постта.

Жазба авторының айтуынша, қызға мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің жарасы, сондай-ақ мойнындағы қанталаған іздер диагнозы қойылған.

Полиция жауабы

Алматы Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілгенін хабарлады.

"Қыздың өзі және оқиғаға қатысқан басқа адамдар сұралды. Жәбірленуші ата-анасымен бірге арыз жазудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Көрінетін дене жарақаттары анықталған жоқ. Осы жағдайларды және қадағалаушы органның келісімін ескере отырып, қылмыстық іс заңда көзделген тәртіппен тоқтатылды", – деп хабарлады полиция.

Дегенмен ІІМ Алматы академиясының тәртіптік комиссиясының шешімімен оқиғаға қатысы бар курсант оқу орнынан шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети