Алматыда Манас көшесі бойымен веложол салынып үлгермеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Манас көшесі бойымен веложол салынып үлгермеген Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Биыл Алматыда Манас көшесі бойымен веложол жасалып үлгермеді. Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Алматыда Манас көшесі бойымен веложол жасалып үлгермеді. Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма өкілдері редакция сұрауына жауапта қалада 2021 жылы Сәтбаев және Манас көшелерімен 10 шақырым веложол жасау жоспарланғанын хабарлады. Сәтпаев көшесі бойымен Манастан Шепетков көшесіне дейін ұзындығы 7 шақырым веложол күзде ашылды. Алайда қаланың жоғарғы және төменгі бөліктерінің велоинфрақұрылымын жалғайтын Манас көшесі бойымен Шевченкодан Тимирязевке дейінгі веложол аяқталмай қалды. Ақпарат бойынша, бұл жұмыстар Сәтбаев пен Жандосов қиылысына бағдаршам қажет болғандықтан кейінге қалдырылған. Бұл вело желіні келесі жылы жұмысқа қаражат бөлінген соң байланыстыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қалада вело инфрақұрылымды дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр. Оны жыл соңына дейін таныстыру жоспарланып отыр. Стратегияға сәйкес, 2030 жылға дейін қаланың велоинфрақұрылымының ұзындығын 2,5 есеге, 262 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған. 

Еске салайық, қазанда Сәтбаев көшесіндегі веложолға жүргізушілер шағымданған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети