Алматыда Matic Basket криптопирамидасы әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Алматы бойынша департаменті Matic Basket қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Алматы бойынша департаменті Matic Basket қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар өздерін YouTube, WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды Matic Basket жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.

"Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.

Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 миллион теңгеден астам қаражат салынған.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети