Алматыда Медеу-Шымбұлақ бағытындағы жолда көлік қозғалысы шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Медеу-Шымбұлақ бағытындағы жолда көлік қозғалысы шектеледі Фото: t.me/AlmatyJoly

Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолының қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолының қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Биыл 25 қазанынан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы тас құлауының салдарын жою жұмыстары басталды. Жұмыс жүргізу кезінде автокөліктердің қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді", - делінген хабарламада.

Жоба шеңберінде аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту, беткейлерден топырақ пен тастарды түсіру және жинақтаушы тосқауылдарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Жұмысқа шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылатыны айтылды.

"Сонымен қатар, тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлері үшін өткізу режимінің кестесі қалыптастырылады. Қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығында қол жетімді болады.

Жобаны іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети