04 қазан 2020 | 13:39

Алматыда медицина және БАҚ қызметкерлеріне, волонтерлер мен қоғам өкілдеріне "Халық алғысы" медалі тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Президент атынан медицина қызметкерлеріне, волонтерлер, қоғам өкілдері мен БАҚ қызметкерлеріне "Халық алғысы" медалін тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Президент атынан медицина қызметкерлеріне, волонтерлер, қоғам өкілдері мен БАҚ қызметкерлеріне "Халық алғысы" медалін тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халық алғысы" медалі Мемлекет басшысының Жарлығымен пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу мақсатында арнайы тағайындалған.

Алматыда "Халық алғысы" медалімен 275 адамның үлесі атап өтілді, олардың 70 пайызы денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері: дәрігер-реаниматологтар, инфекционистер, медбикелер, фельдшерлер және жедел медициналық жәрдем жүргізушілері, дезинфекторлар, санитариялық қызметкерлер және т. б. Оңтүстік астанада барлығы 18 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров марапаттарды табыстай отырып, қала және әкімдік атынан қайсарлығы, кәсібилігі, белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

"Мемлекет басшысы сіздердің еңбектеріңізді ерекше атап өтті, оған дәлел осы халықтың ризашылығын білдіретін "Халық алғысы" марапаты. Сіздердің пандемиямен күреске қосқан еңбектеріңіз өте зор", - деді Бабақұмаров.

Ол бұдан кейінгі жұмыста да бірлік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Еріктілер, қоғам белсенділері мен журналистерге арнап жеке алғыс сөздер айтылды. Пандемия кезінде қала тұрғындарына мыңдаған еріктілер көмек көрсетті. Олар 80 мыңнан астам азық-түлік жиынтығын тасымалдады. Еріктілер дәрігерлерге басқа елдерден келген азаматтарды орналастыруға көмектесті, эпидемиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мониторинг жүргізді, қаланың әлеуметтік қызметтерінің жұмысына ықпал етті, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қала тұрғындарын пандемиямен жалпы күресте қабылданып жатқан шаралар туралы жедел хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі БАҚ өкілдерімен бірыңғай чат құрды. Еліміздің және мегаполистің 100-ден астам негізгі журналистері тәулік бойы халыққа пандемияның таралуын болдырмау үшін қажетті барлық маңызды шешімдер мен шараларды: алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығы мен қажеттілігі, шектеу іс-шараларының қолданылуы және т. б. жеткізіп отырады.

Марапаттау рәсімі барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды, оның ішінде әлеуметтік қашықтық пен маска режимін қатаң сақтай отырып, ашық ауада өткенін атап өткен жөн.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети