03 ақпан 2017 | 18:00

Алматыда медицина саласында қандай маман иелерінің жетіспейтіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы © Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда медицина саласында қандай маман иелерінің жетіспейтіні белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың шеңберінде жұмыс іздеушілер үшін бүгін, 3 ақпанда өткізген бос орындар жәрмеңкесінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда медицина саласында қандай маман иелерінің жетіспейтіні белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың шеңберінде жұмыс іздеушілер үшін бүгін, 3 ақпанда өткізген бос орындар жәрмеңкесінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз өкілдерінің айтуынша, бос орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты - кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу. Бүгінгі таңда штаттық лауазымдардың дәрігерлермен толығуы - 72,7 пайыз, орта медициналық қызметкерлермен толығуы - 78,8 пайыз. Яғни, қаланың денсаулық сақтау ұйымдарында 5 мыңнан аса дәрігер, 11 мыңнан аса орта медициналық персонал, жоғары білімі бар 100-ге жуық медбике ісінің маманы, жоғары фармацевтикалық білімі бар 37 маман және орта фармацевтикалық білімі бар 24 маман жұмыс істейді екен.

Сонымен, басқарманың деректері бойынша, бүгінгі таңда мына мамандық дәрігерлері көп талап етіледі: қоғамдық денсаулық сақтау, сәулелік диагностика дәрігерлері, эпидемиологтар, реабилитологтар, терапевтер, анестезиолог-реаниматологтар, неонатологтар, фтизиатрлар, жоғары медициналық емес білімі бар мамандар (психиологтар және әлеуметтік қызметкерлер).

Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда жалпы практика дәрігерлері, қоғамдық денсаулық сақтау, сәулелік диагностика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, терапевтер, офтальмологтар, қалпына келтіруші ем дәрігерлері, отоларинголог дәрігерлер жетіспейді.


© Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметовтің айтуынша, соңғы жылдары медициналық кадрлардың қозғалысында оң үдеріс байқалып отыр. 2016 жылы 1477 дәрігер келді, олардың ішінде 420-сы жас маман, 2434 орта медициналық персонал келді, олардың ішінде 1346-сы жас маман.   

"Жас мамандарды бекіту үшін, Денсаулық сақтау басқармасы қала әкімдігінің қолдауымен жұмыс нәтижесі бойынша ынталандыру төлемдерін беру, сараланған еңбекақысын төлеу, үнемі біліктілікті арттыру, оның ішінде тәжірибелік жетілдіру, сондай-ақ жыл сайынғы кәсіби конкурстарды өткізу арқылы әлеуметтік қолдау мен материалдық көмек көрсетіп отырады. Бүгінгі күні медицина қызметкерлеріне арналған 138 төсек орындық жатақхана денсаулық сақтау ұйымдарының жас мамандарымен толыққан", - делінген басқарманың хабарламасында.

Мұнымен қатар, қалалық медициналық колледждің жанынан Қалалық оқу-әдістемелік орталығы құрылды, симуляциялық орталық өз жұмысын бастапты. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен шамамен 4 мың дәрігер және 4 мыңнан аса медициналық персонал біліктілігін арттырыпты. Олардың ішінен қаланың 53 маманы шетел ұйымдарында оқудан өткен. Денсаулық сақтау жүйесінің 33 маманы ағылшын тілін оқып үйренді. 2017 жылғы Универсиадаға дайындық шеңберінде шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша мыңдаған маман біліктілігін арттырған.

Жүйені қаржылық қолдау маңызды рөл атқарады - 2016 жылдың қорытындылары бойынша сараланған еңбекақы 3 486,5 миллион теңге сомада төленді, бұл 2015 жылға қарағанда 1 миллиард теңгеге жоғары, төлеммен барлығы 20041 қызметкер қамтылды, 2015 жылы 18398 қызметкер қамтылған. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы орта есеппен 11 пайызға өсті және 110 551 теңгені (2015 жыл - 99 497) болды: дәрігерлерде 140 789-дан 154  949 теңгеге дейін 10 пайызға және орта медициналық персоналда 102 775-тен 109 132-ге дейін 6 пайызға өсті.

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушылар болашақ медицина қызметкерлерін қаланың медициналық ұйымдарына шақырды, өйткені мұндай ірі мегаполисте кәсіби өсу мен даму, кадрларды әлеуметтік және материалдық уәждеу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Айта кетейік, бос орындар жәрмеңкесіне өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының, республикалық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың  басшылары мен қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орындарының студент-түлектері, магистранттары, интерндер, резиденттер және медициналық колледждердің түлектері қатысты.

Іс-шараны өткізу форматы: жұмыс беруші-медициналық ұйымдардың басшылары жұмыс іздеушілерді ұйымның қызметімен таныстырды, болашақ медициналық қызметкерлерді қызықтыратын көрнекі материалдар ұсынылып, бейнекөрсетілімдер мен тұсаукесерлер ұйымдастырылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети