Алматыда мектепті кеңейту үшін кәуәпхана аумағы сатып алынады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мектепті кеңейту үшін кәуәпхана аумағы сатып алынады Фото:elements.envato.com

Алматыда тұрғындардың өтініші бойынша мектепті кеңейтуге дәмхана аумағы сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғындардың өтініші бойынша мектепті кеңейтуге дәмхана аумағы сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындарының бірі Ерболат Досаевқа Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан кәуәпханаға шағымданды.

"Біздегі проблема көзі – Қастеев пен Бегалин арасындағы кәуәпхана. Оған қатысты мәселелер: түтін, шу, айқай, үнемі ұрыс-керіс, көліктер, соның салдарынан үйге кіре алмаймыз. Әр жолы үйге жол ашу үшін полиция шақырамыз", - деді әйел.

Бұған Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин жауап берді:

"Біз ол мекенжайға бірнеше рет бардық. Сіз шағымданған бірінші "Чачапури" бойынша, сол маңда №29 мектеп орналасқан. Ерболат Асқарбекұлы, осы сұрақпен сізге жүгіндім. Қала бізді қолдады. Әзірге бұл туралы айтқан жоқпыз: мектепті кеңейту үшін бұл аумақты сатып алуды жоспарлап отырмыз.

Жолдың арғы жағында, екінші "Чачапури" ашылды. Бірақ оның барлық құжаты заңды. Жалғыз нәрсе, кафенің артында орналасқан мангал көршілерге жақын тұр. Біз оған сүзгілерді қоямыз. Шуға қатысты мәселелер үнемі біздің бақылауымызда. Екінші рет келгенімде тұрғындар бұл мәселенің азды-көпті өңделгенін айтты", - деп түсіндірді аудан әкімі.

Ерболат Досаев дәмхананың аумағын сатып алу мәселесі алдағы 2-3 айда шешілуі керек екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети