Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кездесу барысында Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты.
Олжас Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды.