Бүгін Алматыда Мемлекеттік күзет қызметіне қабылданған сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Алматыда Мемлекеттік күзет қызметіне қабылданған сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, әскери қызмет атқару және Отан алдында конституциялық борышын өтеу үшін республиканың әр өңірлерінен іріктеліп алынған жастардың салтанатты түрде ант беру рәсімі қаладағы "Батыр" Президенттік полкінің алдында өтті. "Салтанатты ант қабылдау рәсіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-лейтенант Амантай Күреңбеков және Алматы қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, қоғам қайраткерлері мен сарбаздардың туған-туыстары қатысты", - делінген баспасөз хабарламасында.
"Биыл бәрімізге қасиетті Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан егемендігінің 25 жылдығын атап өтпек. Сондай-ақ 19 жыл бұрын Елордамыз Астананың іргетасы қаланды. Бүгінгі салтанатты түрде ант қабылдағандарыңыздың көпшілігі Астананың құрдастарысыздар" - деді Күреңбеков. Ол жас сарбаздар Елбасы мен өзге де күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және объектілердің қорғалуы бойынша жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқаратындығына сенім білдірді.
© МКҚ
Айта кетейік, ант қабылдағаннан кейін сарбаздар ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдеріне (Алматы және Астана қалалары) таратылады. "Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың және басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше тапсырмаларды, дәстүрлі рәсімдерді орындайды, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның эталондарын күзетеді", - делінген хабарламада.