04 маусым 2021 | 10:57

Алматыда мерекеге орай әнұран бір уақытта шырқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Kazakh-tv.kz сайтынан Фото: Kazakh-tv.kz сайтынан

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жалпықалалық акцияға қосылуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жалпықалалық акцияға қосылуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл күні Алматы әкімдігінің бастамасымен сағат 13.00-де мемлекеттік әнұранды қосу және орындау үшін флешмоб өтеді.

"Мегаполис тұрғындары мен қонақтарын осы акцияға қосылып, әнұран шырқалған кезде барлық тәртіп ережелерін сақтай отырып, мемлекеттік әнұранды орындауға шақырамыз", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Қала тұрғындары мемлекеттік әнұранды саябақтар мен скверлер, жаяу жүргіншілер көшелері, метро станциялары мен вагондар аумағында, СОСО, "Медеу" биік таулы кешені мен "Шымбұлақ" курорты, сондай-ақ "Көк Төбе" саябағында тыңдай алады.

Акцияның мақсаты - азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну.

Еске салсақ, Мемлекеттік Әнұранды көпшілік алдында орындау кезінде жиналғандар тұрып ән айтады (тыңдайды), ал Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды. Мемлекеттік Әнұран мәтіні мен музыкалық басылымға сәйкес мемлекеттік тілде орындалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети