Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы мен метро қызметін шектеу себебін түсіндірді және Наурыз мейрамында автобустар қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн брифингте журналист Жандарбек Бекшиннен демалыс күндері қоғамдық көліктер қозғалысы мен метро қызметі неге тоқтатылғанын сұрады.
"Бұл жалпы қабылданған шара, автобустарда адамдар көп шоғырланады. Қоғамдық көлік - инфекция ошағының бірі. Науқастардың 17,5 пайызы коронавирус инфекциясын жұқтыру себебін қоғамдық көлікпен байланыстырады. Қазір біз инфекцияның таралуын азайтуымыз керек.
Екі күнде нәтиже болды. Мұмада 360 науқас анықталса, сенбіде - 342, жексенбіде - 297. Бұл кешенді шаралар коронавирус инфекциясының таралмауына әсер етті. Бірақ, қоғамдық көлік жұмысын шектеу де маңызды рөл атқарады", - деді ол.
Жандарбек Бекшин алдағы уақытта мереке және демалыс күндері көлік жұмысы тоқтатылатынын айтты.
"Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік тоқтайды және бұл қала "қызыл" аймақтан шыққанға дейін болады", - деп қосты ол.
Айта кетейік, Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы мен метро қызметі тоқтайтыны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!