19 қыркүйек 2018 18:01

Алматыда миллион долларға қандай үй алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Pixabay.com © Pixabay.com

"Крыша" порталы қолыңызда бір миллион доллар немесе 350-400 миллион теңгеге Алматыда қандай үй алуға болатынын саралап көрді. Тұрмысқа дайын үй немесе пәтер және сапалы суреттері бар бірнеше үй қарастырылды. 


"Крыша" порталы қолыңызда бір миллион доллар немесе 350-400 миллион теңгеге Алматыда қандай үй алуға болатынын саралап көрді. Тұрмысқа дайын үй немесе пәтер және сапалы суреттері бар бірнеше үй қарастырылды. 

Жылжымайтын мүлік сату сайтының мәліметінше, 400 миллион теңгеге Алматының таулы аймағынан 550 шаршы метрлі 8 бөлмелі пәтер алуға болады. Екі қабатты кірпіштен салынған үй Алматының Медеу ауданындағы Көктөбе ықшамауданында 10 соттық жерде орналасқан. 

Бірінші қабатта қонақ бөлмесі, ас бөлмесі, балалар ойын алаңы, санузел, ал екінші қабатта - үлкен холл, үш жатын бөлмесі, екі киім сақтайтын орын және үш санитарлық торап бар. 

Сатып алушыға жеңілдік қарастырылған, сонымен қатар үй ақысын доллармен төлеуді сұрайды. 

Сәл арзанырақ, 385 миллионға, 2011 жылы кірпіштен салынған 10 бөлмелі 630 шаршы метрлі үй (Таулы Гигант) Ақтөбе ықшамауданында орналасқан. 

30 соттық жерде 10 көлікке арналған тұрақ, сауна, жеке транформатор, бейнебақылау камерасы мен күзет сигнлы орнатылған. 

Сатып алушыға 150 мың доллар көлемінде жеңілдік жасалады және 4-5 бөлмелі пәтерге ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. 

351 миллион теңгеге Наурызбай ауданындағы Шаляпин көшесінің бойында орналасқан 9 бөлмелі үйді сатып алуға болады. Бұл қаражатқа үш қабатты кірпіштен салынған 611 шаршы метрлі үй ұсынылады. 

Бірінші қабатта қонақ бөлмесі, ас бөлмесі, қысқы баубақша, камин алаңы бар, ал екінші қабатта - төрт жатын бөлмесі, киім сақтау бөлмелері және санитарлық торап. Үшіншісінде - қонақ бөлмесі мен жұмыс кабинеті бар. 

25 соттық жерде, монша, сауна, гараж бар. Бес көлікке арналған бастырма бар және қызмет көрсетуші жұмысшыларға арналған үй салынған. Тағы да бір үй салуға арналған орын бар. 

400 миллион теңгеге Алматыда "Арман Вилла" тұрғынү кешенінде 5 бөлмелі (220 шаршы метр) пәтер сатып алуға болады. 

Алматының Медеу ауданындағы Горный көшесінде орналасқан төрт қабатты үйдің екіншісінде орналасқан бұл пәтерде барлық жиһаздары (италиялық) дайын және балкондары шыныдан жасалған. 

Өз бағасынан 100 мың АҚШ доллар көлемінде жеңілдік жасалады. 

Тұрғын үй кешенінде бильярд залы, жабық бассейн, фитнес орталығы, сауна, банкет залы, кафе, балаларға арналған жабық алаң мен теннис корты бар. 

352 миллион теңгеге Алматыда таунхаус алуға болады. Мысалға, 6 бөлмелі таунхаус (330 шаршы метр) "Жаңа әлем" котедж қалашығында орналасқан. 

Бөлмелері жартылай жиһазбен қамтылған, санузелдері орнатылған және жеке тұрағы бар. 

Esentai Apartments тұрғын үй кешенінен 6-шы қабаттан 205 шаршы метрлі 4 бөлмелі пәтерді 350 миллион долларға алуға болады. 

Мұнда үш жатын бөлмесі, үлкен қонақ бөлмесі. Бейнебақылау камерасы мен күзет қызметі бар. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети