Алматыда митинг өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда митинг өтті Фото: Ardaq Qultai/Tengrinews.kz

Алматыда митинг өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда митинг өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Халық жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де "Сары Арқа" кинотеатрының маңында жиналды. Митингті белсенді Әлнұр Ильяшев ұйымдастырған. Осыған дейін ол қала билігінен бейбіт митинг өткізуге рұқсат алған. 

Митингіге шамамен 200-ге жуық адам жиналды. Кейбіреуінің қолында плакаттар болды. Шеру бейбіт түрде өтті. Жиналғандарға бейбіт митинг өткізудің ескертулерін таратты.

Мінберде қоғам белсенділері сөз сөйлеп, негізгі талаптарын айтты. 

Белсенділердің бірі қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың еңбекақысының теңсіздігі туралы айтты.

"Қорғаныс жоқ. Тиісінше кәсіподақтар шетелдік жұмыс күшін тарту туралы заң әзірлеуді ұсынады. Алматыда ондаған мың шетелдік жұмыс істейді. Дәл осы заң қазақстандықтардың құқықтары мен міндеттерін, олардың жалақысын, олардың жалақысының арақатынасын реттеуі тиіс. Бұл өте маңызды мәселе. Болмайды, біздің еліміздің жерінде жалақы бойынша теңсіздік байқалды. Біз өз жерімізде құл сияқтымыз", - деді белсенді.

Жиналғандардың арасында көтерген мәселелердің арасында жалақыға қатысты, жұмыссыздық және ІІМ реформасы және басқа да мәселелер айтылды.

12.00-ден кейін жұрт тарай бастады.


Фото: Ardaq Qultai/Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети