Алматыда митинг өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда митинг өтті Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда "Хайуандар әлеміне жоқ де" атты зорлық-зомбылыққа қарсы рұқсат етілген митинг өтті. Оны "Жаңа адамдар" қозғалысының мүшелері ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Хайуандар әлеміне жоқ де" атты зорлық-зомбылыққа қарсы рұқсат етілген митинг өтті. Оны "Жаңа адамдар" қозғалысының мүшелері ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Митинг Алматыда, кинотеатр артындағы саябақта өтті. Қатысушылар отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы ұрандар жазылған плакаттармен шықты. Акцияны "Жаңа адамдар" қоғамдық қозғалысы ұйымдастырған. Оған 200-ге жуық адам – осы қозғалыстың мүшелері саналатын жастар мен студенттер қатысты.

Жиналғандар бұл акциямен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне қарсы күреске назар аудартқысы келетінін айтты.

Акцияға қатысушылар бір стильде киінген, олардың көпшілігінде "Хайуандар әлеміне жоқ де" деген жазуы бар орамалдар болды.

Бейбіт митингіге қатысушылар жиналғандарға соңғы кездері болған зорлық-зомбылық оқиғалары туралы айтып берді. Зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиынға жуырда ғана Астанада қайтыс болған Салтанат Нүкенованың туыстары да қатысты. Алматыға митингке марқұмның ағасы Айтбек Амангелді келген. Ол сөз сөйледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети