Алматыда мопед жүргізушісі қараңғыда тұрғын үйдің қақпасына соғылып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды.
Алматыда мопед жүргізушісі қараңғыда тұрғын үйдің қақпасына соғылып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды.
Тәтібеков көшесінің (Алматы Медеу ауданы) тұрғындарының мәліметінше, оқиға түнде болған. Олардың айтуынша, көше жеткілікті түрде жарықтандырылмаған, салдарынан қайғылы оқиға болды.
"Бейімбетов көшесінің астындағы Тәтібеков көшесінің нашар жарықтандырылуына байланысты мопед жүргізушісі тұйық көшені көрмей, тоқтап үлгермеді. Қақпаға соғылды. Біреуі қайтыс болды, екіншісі реанимацияда. Көше тұрғындары Open Almaty арқылы бірнеше рет жүгініп, Медеу ауданының әкімімен кездесуде де осы мәселені көтерді. Бұл жол мектепке апарады, балалар осылай қараңғыда мектепке барып, қайтады. Мопед жүргізушісіне обал болды", - делінген жазбада.
View this post on Instagram
Алматы полиция департаменті мопед жүргізушісі қайтыс болғанын, ал оның досы ауруханаға түскенін растады.
"Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталады", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!