Алматыда мопед ұрлаған күдікті полицейді сүйреп кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мопед ұрлаған күдікті полицейді сүйреп кеткен видео кадры

Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, полицияға Төле би даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған мопедтің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мотоцикл дулығасын киген белгісіз екі адам оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасаған. Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жетті. Жақын маңдағы аумақты жедел тексеру барысында сипаттамалары ұқсас күдіктілер көзге түскен. Жолда көлік көп болғандықтан, полиция қызметкері күдіктілерді жаяу аңди бастайды.

Бірнеше рет тоқтауды талап еткеніне қарамастан, күдіктілердің бірі қашуға әрекеттеніп, салдарынан полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, басқа жол қозғалысына қатысушымен соқтығысқан. Алған жарақатына қарамастан, полиция қызметкері күдіктіні ұстады. Кейіннен оның қаладағы мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды.

"Елдар Тоқташевтың батыл әрекеті қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін күдіктіні ұстауға мүмкіндік берді. Біз өз қызметкерлерімізбен мақтанамыз, олар Заң мен тәртіп жай ғана сөз емес, азаматтар үшін нағыз қалқан екенін күн сайын дәлелдеп жатыр", - деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети