1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда мыңдаған ағаш заңсыз кесіліп жатыр20 тамыз 2020, 10:03

© Аlmaty.tv © Аlmaty.tv

Алматының Медеу ауданында мыңдаған ағаш заңсыз кесіліп жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғыны Татьяна Пилпани кесілген ағаштар мен топырақты көргенде көзіме жас келеді дейді. Оның айтуынша, Көктөбе маңындағы белгісіз құрылыс жұмыстары кезінде мыңдаған алма мен өрік ағаштары заңсыз кесілген.

"Бұл жерді қаланың ең биік нүктесі деп те айтуға болады. Мұнда жайқалған жасыл желек болатын. Серуендеуге арналған жолдар да бар еді. Біз жиі осында келіп, таза ауамен тыныстап, әсем қаланы тамашалайтынбыз", - деді Пилпани.

Қалалық Жасыл экономика басқармасының өкілдері мұндағы ағаштарды кесуге рұқсат берілмеген айтады.

Телеарна мәліметінше, басқармадағылар заң бұзғандардың міндетті түрде жазаға тартылатынын айтты.

"Жасыл-желектерді заңсыз кескендер өтемақы ретінде ағаштарды қайта отырғызуы қажет және әкімшілік айппұл төлейді. Ол жерді иесі немесе құрылыс жүргізіп жатқан мердігер компания болу мүмкін. Оны қалалық Полиция басқармасымен және қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы бірлесіп анықтайтын боламыз", – деді Жасыл экономика басқармасының бас маманы Нұрлан Құттыбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!